Мазмұнға өту

Қазақстан Құрылтайының 1-сайланымы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
1-Құрылтай құрылымы:

Қазақстан Республикасы Құрылтайының 1-шақырылымы — 2026 жылы сайланған Қазақстан Құрылтайының бірінші шақырылымы.[1] Шақырылымның тұңғыш сессиясы 2026 жылғы 28 тамызда басталды.

Алғышарттары

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]

2026 жылғы конституциялық референдумнан кейін елде жаңа Конституция қабылданды да, екіпалаталы Қазақстан Парламентінің орнына басты заң шығарушы орган рөліне бірпалаталы Қазақстан Құрылтайы келді.[1] Елде өзге де саяси және заңи өзгерістер орын алды, мысалы Қазақстан вице-президенті лауазымының қайта құрылуы.[2]

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан 145 депутаттан тұратын жаңадан құрылған парламентін сайлады.[3][4] Бұл шақырылым 1991 жылғы Қазақстан тәуелсіздігінен бергі 10-парламент болмақ. Ол, оған қоса, — жаңа Конституция асында өткен тұңғыш парламент сайлауы.[5] Жылдар бойы түрлі халықаралық ұйымдар Қазақстандағы сайлаулардың әділдігіне күмән келтіріп келген.[6][7]

Халықтың дауыс бергені нәтижесінде Құрылтайға 5 тіркелген партия ене алды. 145 мандаттан 110-ын алған Әділет партиясы осылайша көпшілікке ие болды.

Бірінші Құрылтайдың бірінші сессиясы 2026 жылғы 28 тамызда өтті.[8][9] Оны Қазақстан президенті Тоқаев ашты.

28 тамызда Әділет партиясы фракциясының жетекшісі болып Ербол Адаев сайланды.[10]

Сайлау нәтижесінде Құрылтайға 5 түрлі партияның депутаттары енді. Олар:

Партия Мандаты
Әділет 110
Ауыл 10
Respublica 9
Ақ жол 8
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия 8

Дереккөздер

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]
  1. 1 2 Первые выборы в Курултай – это системный рубеж в политической истории страны – Меруерт Кабылбаева (орыс.). adyrna.kz. (16 шілде 2026). Тексерілді, 20 шілде 2026.
  2. ↑ Обнуление срока Токаева: зачем Казахстану новая конституция и вице-президент (орыс.). bbc.com. (18 шілде 2026). Тексерілді, 20 шілде 2026.
  3. ↑ Parliamentary election to be held in Kazakhstan in August, president says (ағыл.). Reuters. (10 сәуір 2026). Тексерілді, 6 мамыр 2026.
  4. ↑ Sullivan, Greg Kazakhstan President Calls Parliamentary Elections for August (ағыл.). Bloomberg. (26 сәуір 2026). Тексерілді, 6 мамыр 2026.
  5. ↑ Parliamentary election to be held in Kazakhstan in August, president says  (ағыл.), Reuters (10 April 2026). Тексерілді 4 маусымның 2026.
  6. ↑ Rickleton, Chris. Hints Of Change? Five Takeaways From Kazakhstan's Parliamentary Elections  (ағыл.), Азаттық радиосы (20 March 2023). Тексерілді 20 шілденің 2026.
  7. ↑ Elections in Kazakhstan  (ағыл.), ЕҚЫҰ. Тексерілді 20 шілденің 2026.
  8. ↑ Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясын шақыру туралы
  9. ↑ Olzhbaekova, Tamila Kazakhstan's New Kurultai Elections: What the 30% Quota Could Mean for Women in Parliament (ағыл.). timesca.com. The Times of Central Asia. (3 шілде 2026). Тексерілді, 20 шілде 2026. Мұрағат көшірмесі 15 шілденің 2026 Wayback Machine мұрағатында
  10. ↑ Определен состав Президиума и Комитетов Курултая РК