Британия кинематография институты
| Британия кинематография институты | |
| British Film Institute (BFI) | |
| | |
| Штаб-пәтері: | |
|---|---|
| Басшылары | |
| Ұйым түрі: |
қайырымдылық ұйым |
| Ресми тілдері: | |
| Төрайымы |
Джей Хант |
| Атқарушы директоры |
Бен Робертс |
| Негізі қаланды |
1933 жылы |
| bfi.org.uk | |
|
21 Stephen Street, London, United Kingdom W1T 1LN | |
Британия кинематография институты[1] (ағылш. British Film Institute, BFI) — Ұлыбританиядағы тәуелсіз және бұқаралық киноөндіріс пен телевизияны дамытумен және сақтаумен айналысатын кино және телевизия саласындағы қайырымдылық ұйымы. BFI фильмдердің өндірісін, таратылуын (дистрибуциясын) және осы сала бойынша білім беруді ынталандыру үшін Ұлттық лотерея бөлген қаражатты пайдаланады. Ұйымға Мәдениет, медиа және спорт министрлігі демеушілік жасайды[2] және ол ішінара «1949 жылғы Британия кинематография институты туралы» заң аясында қаржыландырылады.[3]
Британия кинематография институтының аясында түрлі мәдени мекемелер мен жобалар жұмыс істейді:
- Sight & Sound мамандандырылған журналы — жарты ғасырдан бері әр онжылдық сайын тарихтағы ең үздік фильмдерді анықтау үшін әлем режиссерлері мен киносыншылары арасында сауалнама жүргізіп келеді.
- Ұлттық киноархив (1935) — әлемдегі ең ірі киноархив ретінде танымал.
- Темзаның оңтүстік жағалауындағы, Ватерлоо көпірінің жанында орналасқан Киноорталық.
- Лондон кино мұражайы (1988 жылы ханзада Чарльз ашқан).
Британ кинематография институты 1956 жылдан бастап жыл сайын Лондон кинофестивалін ұйымдастырады. Бұл фестивальде әлемнің басты кинофестивальдерінде үлкен резонанс тудырған артхаус туындылары көрсетіледі.
Сондай-ақ қараңыз
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]- ↑ "Қазақ телевизиясы", Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5
- ↑ British Film Institute. gov.uk. Government of the UK. Басты дереккөзінен мұрағатталған 18 қаңтар 2013. Тексерілді, 3 ақпан 2026.
- ↑ Financial Legislation. screenonline.org.uk. British Film Institute. Тексерілді, 30 тамыз 2022.
| ||||||||||||||||||